22.09.2021, 22:20
Жаңалықтар
Оралда сәбиін сатпақшы болған әйел ұсталды
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 4 қылмыстық құқықбұзушылық анықталды
фото ашық дереккөзден алынды
Оралда 28 жастағы әйел жаңа туған сәбиін сатып жіберген, деп хабарлайды БҚО полиция департаменті баспасөз қызметі.
Келіншек Бөрлі ауданында тұратын ерлі-зайыптылармен келісіп, сәбиін беріп жіберген. Полиция қызметкерлері келіншекті қылмыс үстінде ұстады.
Қазір ҚР ҚК 135-бабы 1-бөлігіне (кәмелетке толмағандарды сату) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Облыста 19-24 қыркүйек аралығында жүргізіліп жатқан «Стоп-трафик» жедел іздестіру іс-шаралары барысында 4 қылмыстық құқықбұзушылық ашылып, 10 адам әкімшілік жауапқа тартылды.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды