$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.09.2021, 23:27
Жаңалықтар

Жетісуда жағдайы нашар 60 жанұя баспаналы болды

Жаңа пәтер кілтін алғандардың арасында қарт аналар, көп балалы және әлеуметтік әлсіз топқа жататын отбасылар да бар

 

Жетісуда жағдайы нашар 60 жанұя баспаналы болды

Талдықорғанда алпысқа жуық отбасы баспаналы болды. «Болашақ» шағын ауданында берілген көппәтерлі тұрғын үйдің жалпы ауданы 5 мың шаршы метрден асады

«Талдықорғанда соңғы 20 жылда аймақтағы барлық салалар дамыды. Жаңадан шағын аудандар ашылып, түрлі әлеуметтік нысандар бой көтерді.  Бұның барлығын жасау үшін, қазынаға түсетін салықтың көлемі де артуы керек. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш 860  млрд. теңгені құрап отыр. Осының арқасында бүгінгі деңгейге жетіп отырмыз. Елбасы мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауы да қазіргі нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беріп отырғанын атап өткен жөн», - деді облыс әкімі Амандық Баталов.

Жаңа пәтер кілтін алғандардың арасында қартаналар, көп балалы және әлеуметтік әлсіз топқа жататын отбасылар да бар. 
«Балам бүгін құтты шаңырағының кілтін қолына алды. Бұл қоныс тойды ұзақ уақыт күттік. 2005 жылы шаңырақ көтеріп, бүгінде 4 перзенті бар. Балаларым үшін өте қуаныштымын. Баспаналары берекелі болсын. Бүгін тіпті қуанғаннан көзіме жас алып отырмын», - деді Нүкен Құлбайқызы.

Серіктес жаңалықтары