Ақмола облысында мемлекеттік мекеме басшысы мен орынбасары бюджет қаражатын жымқырды

Мәдениет ұйымдарында бюджеттік қаражат ұрланды

Ақмола облысы прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесінде Мәдениет басқармасының құрылымдық бөлімшелерінен сыбайлас жемқорлық фактілері анықталды.

Облыс прокуратура жедел іздестіру іс-шараларын тағайындап, олардың нәтижесі бойынша «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ-нің (бұдан әрі - КММ) директоры және оның орынбасарының бюджеттік қаражатты жымқырғандығы расталды.

«Жұмыс орындарына жалған орналасу арқылы қылмыстық іс-әрекетке мекеменің ондаған қызметкері мен мекеме басшыларының туыстарының қатыстылығы анықталды. Жалақы және басқа да төлемдер КММ-нің басшылығы және басқа да қызметкерлердің банктік шоттарына жалған арыздардың негізінде аударылып отырған», - делінген хабарламада.   

Тексеру нәтижелері мен жинақталған дәлелдемелер сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне жолданды.

Екі ай ішінде қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталып, айыптау актісімен сотқа жіберілді.

Көкшетау қалалық сотының 2021 жылғы 16 шілдедегі үкімімен мекеме директоры мен оның орынбасарына айыппұл салынды. Аталған тұлғалар өмір бойы мемлекеттік қызметте және ұйымдарда қызмет атқару құқығынан айырылды. 

Сот үкімі 2021 жылғы 3 тамызда заңды күшіне енді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.