$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.09.2021, 11:51
Жаңалықтар

Алматыда атыс салдарынан қаза тапқан полиция өкілдері туралы жаңа деректер айтылды

Атыс салдарынан қаза тапқан бесінші адамның жаңа үй қожайынының танысы екені анықталды

Алматыда атыс салдарынан қаза тапқан полиция өкілдері туралы жаңа деректер айтылды

20 қыркүйек сағат 17:00 шамасында Алматы қаласындағы «Ақбұлақ» шағынауданында қайғылы оқиға болды. 54 жастағы ер адам үйден шығару туралы сот шешімін орындауға келген сот орындаушыларына, полиция қызметкерлеріне және ТЖД қызметкерлеріне аңшы мылтығынан оқ жаудырған. Нәтижесінде екі полиция қызметкері, бір сот орындаушысы және екі бейбіт тұрғын, соның ішінде үйдің жаңа қожайыны қаза тапты.

Алматы полициясының бастығы Қанат Таймерденовтің айтуынша, 20 қыркүйекте болған атыс салдарынан қаза тапқан полиция майоры Дархан Сүлеев ішкі істер органында 18 жыл қызмет атқарған. Нағыз өз ісінің маманы, үлгілі қызметкер болған. Артында 5 баласы қалды. Ал, атыс салдарынан көз жұмған екінші полицей - Нұрбол Байғазиевтің артында екі баласы қалған. Әкесіз қалған жеті баланың бәрі кәмелеттік жасқа толмаған.

«Екеуі де Алатау ауданында учаскелік полиция болып жақсы жұмыс істеген. Тұрғындар олардың жұмыстарына риза, ешқандай ескерту алмаған, 2017 жылы марапатталған. Қайтыс болған полицейлерге көмек заңға сәйкес көрсетіледі», - деді Қанат Таймерденов бүгінгі брифингте.

Сондай-ақ, қайғылы оқиға салдарынан қайтыс болған бесінші адамның жаңа үй қожайынының танысы екені анықталды.

«Ол атыс болған кезде оқиға орнында куәгер ретінде жүрген», - деп нақтылады Қанат Таймерденов.

Қанат Таймерденов оқиғаға қатысты «Кісі өлтіру» және «Билік өкіліне шабуыл жасау» баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды, оны тергеп жатыр. Кісі өлтіргені үшін ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қару оның атында 2008 жылдан бері тіркелгені және күдіктінің психиатриялық диспансерде есептеме тұрмағаны айтылды.

Қазір осы оқиғаға байланысты ведомствоаралық жедел топ құрылды, тергеу нәтижелері бойынша полиция толық ақпарат береді.

Қаза тапқан полицейлердің отбасына көмек көрсетіледі.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары