Елорда саябақтарында «Алтын күз» концерті өтті
Шара ашық аспан астында өтті
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы елордада «Алтын жүрек» ескерткішінің маңында және Орталық саябақта қала тұрғындары мен қонақтарына арнап «Алтын күз» концертін өткізді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Филармония директоры Ерлан Дакеновтің айтуынша, филармония ұжымы күздің соңғы шуақты жылы күндерінде қала қонақтары мен тұрғындарына карантин режимін сақтай отырып, демалыс күндерін мерекелік көңіл-күйде өткізуге атсалысуды мақсат еткен.
Ашық аспан астында өткен шарада «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі, «Қорқыт» этно ансамблі, «Шалқым» халық би ансамблі, «Әлем» эстрадалық би ансамблі, «Үрлемелі» оркестр артистері, «Халық ән» және «Классикалық және эстрадалық вокал» бөлімінің әншілері өнер көрсетті.