$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.09.2021, 15:50
Жаңалықтар

Алматының Наурызбай ауданында заманауи өрт сөндіру бөлімі ашылды

Екі қабатты депо ғимаратының құрылысы 1,5 жылдан да аз уақытта аяқталған

Алматының Наурызбай ауданында заманауи өрт сөндіру бөлімі ашылды

Алматының Ақжар шағынауданында 1,5 жылдан аз уақытта өрт сөндіру депосы салынды. Қала күні бөлімшенің ашылуы өтті, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өрт сөндірушілерді бөлімшенің ашылуымен құттықтап, қызметтері үшін алғысын білдірді. Жаңа өрт сөндіру бекеті оқиға орнына бару уақытын қысқартады және өрт қауіпсіздігінің тиімділігін арттырады. Қала әкімі бөлімшені, гарнизон қызметкерлеріне арналған жатақхананы қарап шықты. Сонымен қатар өрт сөндірушілерге қызметтік көліктердің кілті табысталды.

2014 жылы құрылған Наурызбай ауданына Жайлау, Қарағайлы, Құрамыс, Рахат, Қарғалы, Таусамалы, Ақжар, Тастыбұлақ, Таужолы, Шұғыла, Алтын Алаш, Қалқаман-1, 2, 3 шағынаудандары кіреді. Жалпы тұрғындар саны – 150 115 адам.

Қалаға қосылған аумақта өрт сөндіру бекеті болмады, сондықтан Ақжар шағын ауданында өрт сөндіру посты ұйымдастырылды. 2015 жылдан бері бұл бөлімше 700-ден астам шақыртуларға барды.

Өрт сөндіру бөлімі жалпы алаңы 3,2 мың шаршы метрге жуық алты шақыртуға есептелген.

Серіктес жаңалықтары