17.09.2021, 18:17
Жаңалықтар
Алматы облысында департамент басшысының орынбасарына 10 млн теңге айыппұл салынды
Облыстағы аудиті бөлімінің бас маманына қатысты да сот үкімі шықты
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев
Талдықорған қалалық сотының үкімімен Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары К. Орманов (ҚК 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы) 10 млн теңге айыппұл төлейтін болды.
Облыстық ІМАД №1 сәйкестік аудиті бөлімінің бас маманы-мемлекеттік аудитор Н. Айдабұловаға да (ҚК 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы) 10 млн теңге сомасында айыппұл салынды.
Олар «Алматы облысы Жамбыл ауданы Самсы ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту және салу» нысаны бойынша бұрын 2020 жылдың 15 қыркүйегінде жасалған аудиторлық тексеру қорытындысын азайтуға ықпал еткені үшін аудан әкімдігінің бір ММ басшысынан жалпы сомасы 1 млн теңге ақша алуда күдікті болған.
Көп оқылған
11.07.2026, 08:23
Тараздағы перзентханада бес баланың анасы көз жұмды: туыстары тергеу жүргізуді талап етті
11.07.2026, 07:26
Аптап ыстық Қазақстанды шарпиды: 11 шілдеге арналған ауа райы болжамы
11.07.2026, 10:00
Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
11.07.2026, 10:23
Жақсы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында іс-шаралар өтті
11.07.2026, 11:46
Тоқаев Моңғолия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады