Нұр-Сұлтанда «қызыл» статусы бола тұра оқшаулау режимін бұзғандар анықталды
Карантин талабын бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында COVID-19 бойынша ПТР-тестінің оң нәтижесі анықталғаннан кейін карантиндік шектеулерді, сондай-ақ екі апталық өзін-өзі оқшаулау режимін бұзатындар бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Карантинді бұзушылар "ASHYQ" жобасы бойынша жұмыс істейтін сауда-ойын-сауық орталықтарында, қоғамдық тамақтану объектілерінде және халыққа қызмет көрсету орталықтарында анықталды. Соған сәйкес, ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 87 510тг (30 АЕК) көлемінде айыппұл салынды.
Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті үй карантиніндегі тұрғындарды инфекцияны таратпас үшін, өзін-өзі оқшаулау режимін қатаң сақтауды сұрайды.
Естеріңізге сала кетейік, қауіпті инфекцияға қарсы жалғыз тиімді құрал вакцинация болып қала береді. Тек жаппай вакцинация COVID-19-бен күресуге көмектеседі.