$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.09.2021, 16:43
Жаңалықтар

Алматы облысының бас санитарының «Алтын Орда» базарына қатысты жауабы желіде талқыланып жатыр

Бас санитардың орнына облыс әкімінің орынбасары жауап берді

Алматы облысының бас санитарының «Алтын Орда» базарына қатысты жауабы желіде талқыланып жатыр

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов журналистің «Алтын Орда» базарына қатысты сұрағына жауап беру кезінде облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов сыбырлап көмектесті.  

Тілшілердің бірі Алматы облысындағы карантиндік шектеулер «Алтын Орда» базарын айналып өтетінін ескеріп, «неліктен талаптар бәріне бірдей емес?» деген сауалды қойды.

Сұраққа Алматы облысының бас санитария дәрігері Ерғали Сыдыманов жауап бермек болды. Алайда, микрофонды сөндіруді ұмытып кеткен спикерлердің бірі Ерғали Сыдымановқа «Алтын Орда республикалық базар, алайда онда барлық шектеулер енгізілген деп айтыңыз» деп сыбырлап көмек көрсетті. Желі қолданушылары «сыбырлаушыны» облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұмановдың дауысы деп топшылады.

Айта кетейік, Алматы облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов былтыр Талдықорған тұрғындарымен сөзге келіп қалып, «Не первый год замужем», «Голову мне не морочьте» деген сөздерімен есте қалған.

Серіктес жаңалықтары