$ 530.12  546.08  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.09.2021, 10:54
Жаңалықтар

Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 105 науқас көз жұмды

КВИ жұқтырған 1316 адам ауыр жағдайда жатыр

Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 105 науқас көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі 11 қыркүйектегі  коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 84 адам қайтыс болды.

11 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 79 884 адам коронавирус инфекциясынан (–71 716 + және 8 168 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 16 528 пациент стационарда, 63 356 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

1 316 адамның жағдайы ауыр,

346 пациенттің жағдайы өте ауыр,

193 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 9 қыркүйектегі мәлімет бойынша 249  жаңа жағдай тіркелді, 106 адам жазылып шыққан, 21 адам көз жұмған.

Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:

науқастар саны – 72 472; 

өлім жағдайы – 4651;

барлығы 59 653 адам сауығып шықты.

Серіктес жаңалықтары