ШұғылҚазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 106 310-ға жетті

Ауа райына байланысты төрт өңірде ескерту жарияланды - Қазгидромет

«Қазгидромет» алдағы күндері Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда, Ақмола облыстарындағы ауа райы жайлы хабарлады

Фото: ашық дереккөзден

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның төрт облысында ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

«27 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын болады. Күндіз оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел тұрады. Сондай-ақ, Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Таңертең және күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы -15-20 м/с жетеді. Жұма күні Ақтөбе облысының кей жерлерінде жауын-шашын жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады. 27-29 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Демалыс күндері жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с жетеді», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.