Ashyq: СҚО-да үй карантинін бұзған 533 адам анықталды

Коронавирус жұқтырған 308 адам қоғамдық орындарға барған

фото ашық дереккөзден алынды

Солтүстік Қазақстан облысында Ashyq жобасының көмегімен үй карантинін бұзған 533 адам анықталды, деп хабарлайды облыстың кәсіпкерлер палатасы.

Қазір облыс бойынша Ashyq жобасына 2 580 нысан тіркелген. Олардың 68-і тест режимінде жұмыс істейді. Бағдарламаны енгізген нысандардың 46 %-ы Петропавлда орналасқан.

Мамандар Ashyq жобасының нәтижесін беріп жатқанын айтады. Өңірде бұл бағдарлама енгізілген күннен бастап үй карантині талабын бұзған 533 адам анықталған. Яғни, коронавирус жұқтырған 308 адам қоғамдық орындарға барып, қосымша арқылы өтпек болған. Одан бөлек, «сары» статустағы 225 адамның да тәртіп бұзғаны белгілі болды. Олар вирус жұқтырған науқаспен байланыста болғандықтан үй карантинінде отыруға тиіс.


 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.