$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.09.2021, 21:49
Жаңалықтар

Елордада бір күнде екі бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен

Жыл басынан бері 31 бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен, оның төртеуі көз жұмды

Елордада бір күнде екі бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен

Елордада бір күнде екі бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті.

5 қыркүйек күні сағат 13.20-да екі жасар бүлдіршін асүйде үстел үстінде ойнап жүріп, терезеден құлап кеткен.

Анасы баласын ұстап үлгермей қалған. Бүлдіршін түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Дәл осы күні сағат 15.30-да 4 жасар бала туыстарының үйінде ашық тұрған терезеден құлаған. Оны жансақтау бөліміне жеткізгенімен аман алып қалу мүмкін болмады.

Тәртіп сақшылары ересектерден қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды. Балаларды қараусыз қалдырмай, ашық тұрған терезенің қасында ойнауға рұқсат бермеу керек.


 

 

 

 


 

 

Серіктес жаңалықтары