06.09.2021, 20:50
Жаңалықтар
ШҚО-да 19 жастағы бойжеткен жоғалып кетті
Тәртіп сақшылары бойжеткеннің көргендер болса «102» немесе 8-747-349-57-17 нөміріне хабарласуын сұрайды
Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданында 19 жастағы бойжеткен жоғалып кетті, деп хабарлайды облыстың Полиция департаменті баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Долон ауылының тұрғыны қызының жоғалып кеткенін хабарлаған. 19 жастағы Наталья Пашкеева 3 қыркүйекте үйден шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған.
«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. Қызды іздеуге волонтерлер де жұмылдырылды. Наталья Пашкееваның бойы 170 сантиметр, дене бітімі – орташа, шашы – ақшыл сары. Жоғалған күні үстінде сұр жемпір, көк джинсы және ақ кроссовка болған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Көп оқылған
17.08.2026, 13:34
«Барни» үшін күйеуі соққыға жыққан»: Жамбылда 19 жастағы жүкті келіншектің өлімі тергеліп жатыр (ВИДЕО)
17.08.2026, 09:42
Абай облысында қаны тоқтамай жатқан баланы полицейлер ауруханаға 12 минутта жеткізді
17.08.2026, 13:19
Астанада жас жігіт лифтіде тұрған қыз балаға тиісіп, артынан теуіп жіберген (ВИДЕО)
17.08.2026, 10:59
Ақтауда ер адам ішіп алып, әйелін басынан ұрғаны үшін 25 күнін темір қапаста өткізетін болды
17.08.2026, 09:11
Степногорскіде мас әйел полицейдің беті мен мойнын тырнап тастады