06.09.2021, 08:43
Жаңалықтар
Елімізде коронавирус пен пневмониядан тағы 91 адам көз жұмды
Қазіргі уақытта 201 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған
Фото: ашық дереккөзден
4 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 91 адам қайтыс болды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Оның 72-сі КВИ инфекциясынан, 19-ы пневмониядан қайтқан.

6 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 93 014 адам коронавирус инфекциясынан (–85 418 + және 7 596 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 21 074 пациент стационарда, 71 940 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 491 адамның жағдайы ауыр,
- 425 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 201 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Көп оқылған
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
14.08.2026, 10:46
«Бордюр мен автобус арасынан өтпек болған»: елордада самокат мінген жасөспірім автобустың астына түсті
14.08.2026, 09:35
«1 млрд тг пайда тапқан»: Ұлытауда карьерді рекультивациялау жұмысының астында заңсыз кен өндіріліп келген
14.08.2026, 15:20
Бір ай комада жатты: Астанада аттан жығылған қыз ауруханада көз жұмды