Оралда екі автокөлік соғылып, жүргізуші қаза тапты
БҚО полиция департаменті жолда қауіпсіздікті сақтап, жылдамдықты асырмауды сұрайды
Оралда екі автокөлік соғылып, жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 5 қыркүйек күні шамамен сағат 11.30-да Жәңгір хан көшесі бойында болды. «Ауди» автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, «Ниссан» автокөлігімен соқтығысып қалған.
Жол апатынан «Ниссан» автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. «Ауди» автокөлігінің жүргізушісі жансақтау бөліміне жеткізілді. Жол апатынан «Ниссан» автокөлігінің жолаушысы да зардап шекті.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, ер адамның бірі жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болса, қалған екеуі түрлі жарақат алған.
Автокөліктерде қысылып қалған жүргізушілерді БҚО ТЖ департаменті жедел құтқару жасағының құтқарушылары шығарды.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.