2025 жылға дейін елімізде 259 мәдени нысан салынады
Биыл 89 мәдениет нысанының құрылысын бастау жоспарланған
Мәдениет ұйымдары өскелең ұрпаққа рухани және тәрбиелік ықпал етуде, азаматтардың бойындағы ұлттық сана-сезімді нығайтуда маңызды рөл атқарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осы ұғымдар шеңберінде және мемлекеттің мәдени саясатына сәйкес, Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасындағы 101-тармақты іске асыру жалғасып жатыр. Бұл тармақ бойынша 2025 жылға дейін елімізде 259 мәдениет объектісі салынады.
«Биыл 89 мәдениет нысанының құрылысын бастау жоспарланған. Оның ішінде ең көп нысандар саны Түркістан (12 объект), Жамбыл (10 объект), Алматы (9 объект) облысына тиесілі», - делінген Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хабарламасында.
Бүгінгі таңда Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облысында мәдениет нысандарының құрылысы бойынша биылғы жоспар орындалды. Қызылорда облысындағы Жиделіарық ауылында 150 орындық ауыл клубы, ал Әйтеке би кентінде 600 орындық мәдениет үйі салынды.