02.09.2021, 14:36
Жаңалықтар
Қытай компартиясы ресми сайтының қазақша нұсқасы ашылды
«Жэньминьван» сайтында ақпарат 12 тілде жарық көрмек
скриншот: kaz.people.cn
Қытай коммунистік партиясының ресми газеті - «Жэньминь жибао» басылымының сайтында қазақ тілінде ақпарат таратыла бастады.
«Бүгін «Жэньминьван» сайтының («Жэньминь жибао» басылымының онлайн нұсқасы) қазақ ((кириллица)), итальян және суахили тіліндегі нұсқалары ресми түрде ашылды. Бұл нұсқаларда саясат, экономика, мәдениет, ғылым және білім, сондай-ақ Қытайдың әлеуметіне қатысты ақпараттар жарияланады», - делінген Silkroad News таратқан ақпаратта.
Қазір «Жэньминьван» сайтында ақпарат ағылшын, жапон, француз, испан, орыс, араб, корей, неміс және португал тілдеріндегі нұсқада да жарық көреді. Қысқасы, Қытай компартиясының ресми сайтында ақпарат 12 тілде жарық көреді.
Көп оқылған
01.11.2026, 06:38
Вакцинасы жоқ қауіпті вирус: Конгода әлемді алаңдатқан індеттен 5 мыңнан астам адам қайтыс болды
01.11.2026, 07:19
Қазақстанда 1 қарашаға дауылды ескерту жарияланды: үсік, қар және қатты жел күтіледі
01.11.2026, 11:05
Көлігіне бейәдеп сөз жазған Астана тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды
01.11.2026, 08:29
Астанада мектептегі жиналыстан кейін мұғалім ауруханаға түсті
01.11.2026, 10:02
Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды