Экология министрі ауасы лас өңірлердің проблемасы қалай шешілетіндігін айтты

Кәсіпорындардың шығарындылары 20%-дан 30%-ға пайызға дейін қысқартылмақ

Фото: ашық дереккөзден

Елімізде Ұлттық геологиялық қызмет құрылады. Оның нәтижесінде инвестор сапалы ақпаратпен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты.

Осы жылы экологиялық мониторингтің нәтижесі бойынша Теміртау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Жезказған, Шымкент қалалары атмосфералық ауаның жоғары ластануымен сипатталып отыр. Бұл ретте ведомство басшысы аталған мәселемен министрлік қалай күресетінін хабарлады.

«Біріншіден, Экологиялық кодекске сәйкес кәсіпорындар ең үздік қолжетімді технологияларды (ЕҮҚТ) енгізеді. Екіншіден, Министрлік пен кәсіпорындар арасында меморандумдар мен Жол карталарына қол қойылды. Оларға сәйкес кәсіпорындар (АрселорМиталТеміртау, ҚазМырыш және т.б.) шығарындыларды 20%-дан 30%-ға пайызға дейін қысқартуды жоспарлап отыр. Үшіншіден, Министрліктің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті 10 қаладағы бірінші санаттағы кәсіпорындар үшін 2025 жылға қарай шығарындылар лимитін 20%-дан пайыздан кем емес көрсеткішке төмендететін болады. Сондай-ақ, шығарындыларды азайту мақсатында әкімдіктер елдімекендер мен шаруашылық субъектілерін газдандыруды жалғастыру қажет», - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.