ШұғылҚазақстанда тағы 716 адамнан коронавирус анықталды

Disneyland мәселесі 2020 жылы нақты шешімін табады – Шымкент әкімі

Бүгінде Шымкент қаласында салынатын Disneyland орны анықталып қойған

Фото: puteshestvovat.com

Бүгін елордалық журналистерге арнап брифинг өткізген Шымкент әкімі Ерлан Айтаханов қалада салынатын Disneyland туралы пікір білдірді.

«Диснейленд туралы айтатын болсақ, мен сингапурлық инвесторлармен кездестім. Әзірге бұған дейінгі келіссөздердің барлығы ауызша болды. Олар қазір жобаға қатысты серіктес іздеп жатыр, өйткені жобаға жұмсалатын қаржы өте үлкен. Біз өз тарапымыздан құрылыс орнын анықтап қойдық. Меніңше, бұл мәселе келер жылы шешімін табады», - деді Шымкент қаласының әкімі.

Қала басшысы Бадам өзенінің бойында орналасады деп жоспарланған ойын-сауық алаңын салу үшін шамамен қанша қаржы кететінін айтты.

«Бұл әзірге нақты емес, бірақ шамамен 20 млрд теңге. Өте қомақты қаржы, бір инвестор үшін тым ауыр. Сол себепті сингапурлық инвестор серіктес іздеп жатыр», - деді қала басшысы.