$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.09.2021, 12:14
Жаңалықтар

2030 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясы тапшы болмақ

Президент Үкіметке ұсыныстар әзірлеуді тапсырды

2030 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясы тапшы болмақ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Самұрық-Қазынаға қауіпсіз экологиялық атом энергетикасының мүмкіндігін зерделеуді тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«2030 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы орын алады. Әлемдік тәжірибеде ең оңтайлы жол — бейбіт атом. Бұл оңай мәселе емес, сондықтан оны рационалды тұрғыда, эмоцияларсыз шешу керек. Үкімет пен Самұрық-Қазына жыл бойы Қазақстанда қауіпсіз және экологиялық атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерделеуі тиіс», - деп тапсырды Тоқаев ел халқына Жолдауында.

Оның айтуынша, бұл мәселені инженерлік істі дамыту, елімізде білікті Атом инженерлерінің жаңа буынын қалыптастыру тұрғысынан да қарастыру қажет.

«Жасыл сутегі өндірісі, жалпы сутегі энергетикасы - перспективалы бағыт. Үкіметке осы мәселе бойынша да ұсыныстар әзірлеу тапсырылады», — деді Мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары