Мемлекет басшысы Қазақстандағы орыс тілінің мәртебесі туралы айтты
Бүгін ҚР Президенті халыққа дәстүрлі жолдауын жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы орыс тілінің мәртебесі туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Орыс тілі ресми тіл мәртебесіне ие. Біздің заңнамаға сәйкес, оны пайдалануға кедергі жасау мүмкін емес» ,- деді Президент халыққа жолдауында.
Президент еліміздің әр азаматы қазақ тілін білуі керектігін, алайда орыс тілін меңгеру де артық етпейтінін жеткізді. Сондай-ақ қазір қазақ тілін қолдану аясы кеңейіп келе жатқанын айтты.
«Қазақ тілін дамыту - мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі. Бұл салада айтарлықтай нәтиже бар. Қазақ тілі, шын мәнінде, білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналып жатыр. Жалпы, мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейіп келеді. Бұл - заңды құбылыс, өмірдің басты үрдісі. Сондықтан, қазақ тілінің өрісі тым шектеліп бара жатыр деуге негіз жоқ», - деді ол.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Конституция бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл барын, ол қазақ тілі екенін еске салды.
«Орыс тілі - ресми статуста. Біздің заңнамамыз бойынша оны қолдануға бөгет жасауға тыйым салынған. Алайда, болашағын отанымен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге, ден қоюға тиіс. Бұл отаншылдықтың басты белгісі деуге болады. Жастарымыз өзге тілдерді, оның ішінде орыс тілін жетік меңгерсе, одан еш ұтылмайды», - деді Тоқаев.