31.08.2021, 17:04
Жаңалықтар
Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында командалық есепте топ жарды
Елнұр Сүйінбай турнирдің ең үздік боксшысы атанды
фото: kfb.kz
Дубайда өткен жастар мен юниорлар арасындағы бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 47 медаль жеңіп алды: 19 алтын, 15 күміс және 15 қола.
Қайрат Сатжанов пен Елдос Сайдалин жаттықтыратын юниорлар мен қыздардар құралған команда Азия чемпионатында бас-аяғы 22 медаль еншіледі: 11 алтын, 6 күміс, 5 қола.
Жалпыкомандалық есепте қазақстандық боксшылар бірінші орынға ие болды (19/15/15). Екінші орында – Өзбекстан (17/10/12), ал үшінші орында – Үндістан (14/14/11).
Қазақстандық Елнұр Сүйінбай техникалық тұрғыда турнирдің ең үздік боксшы атанды. Оған арнайы сыйлық табысталды.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды