Жамбылдағы жарысылыста ерлікпен қаза тапқан Мейіржан Аймановқа ескерткіш қойылады
Бұл туралы әскери қызметкерлердің мемлекеттік наградаларын туыстарына табыстау кезінде айтылды
Байзақ ауданында болған жарылыс кезінде ерлікпен қаза тапқан Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары, «Халық қаһарманы» Мейіржан Аймановқа ескерткіш қойылады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Мейіржан Аймановқа ескерткіш қою туралы ақпарат әскери қызметкерлердің мемлекеттік наградаларын туыстарына табыстау кезінде айтылды. Шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, ҚР Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрі қатысты.
«Ұлымның құрметіне ескерткіш қойғаны дұрыс. Кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болары анық. Ұл-қыздары әкесінің ерлігін мақтан тұтады. Ендігі артында қалған ұрпағы аман болсын», – дейді Мейіржан Аймановтың анасы.
Марапаттау рәсімінде марқұмның бауыры да сөз сөйледі.
«Ерлікпен қаза тапқан азаматтар мәңгі жадымызда. Бауырым Мейіржанның еңбегін жоғары бағалап, «Халық қаһарманы» атағын беріп отыр. Осы тұста Мемлекет басшысына алғыс айтамыз. Бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», – деді марқұмның бауыры.