31.08.2021, 08:26
Жаңалықтар
COVID-19 бен пневмониядан тағы 104 адам көз жұмды
Оның 82-сі коронавирустан қайтыс болды
29 тамызда Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 104 адам көз жұмды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Оның 82-сі COVID-19 вирусынан, 22-сі пневмониядан қайтқан.

31 тамыздағы мәлімет бойынша, 113 402 адам коронавирус инфекциясынан (–106 538+ және 6 864 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 25 582 пациент стационарда, 87 820 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 791 адамның жағдайы ауыр,
- 475 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 216 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Көп оқылған
14.09.2026, 11:08
«Шайырдың шалдары, қайдасыңдар?»: Маңғыстаудағы айтысқа мас шыққан «Алтын домбыра» иегері Мақсат Ақанов жазаланды
14.09.2026, 11:48
Жамбыл облысында дронның көмегімен ер адамның бүтін бір есірткі алқабын өсіргені анықталды (ВИДЕО)