ШұғылЕлімізде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді

Нұр-Сұлтанда мұғалімдер, дәрігерлер мен өрт сөндірушілер баспаналы болды

Биыл астанада 10 мың жеңілдікті әлеуметтік пәтер салынады

Нұр-Сұлтанда мұғалімдер, өрт сөндірушілер, медициналық және әлеуметтік қызметкерлер баспаналы болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Конституция күнінде астана тұрғындары қоныс тойын тойлады. Кезекте тұрған азаматтардың тағы бір бөлігі пәтер кілтін алды.

Елорда әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов қала тұрғындарына екі тұрғын үй кешеніндегі пәтер кілтін табыс етті.

Осылайша, Торайғыров көшесінде орналасқан «Замечательный» тұрғын үй кешенінің пәтерлерін беру «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ-мен (ҚИК) бірлесіп іске асырылды. Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша 2020 жылдан бастап осы тұрғын үй бағдарламасына қатысатын әлеуметтік пәтер алушылардың санаты кеңейтілді. Бұл бағдарламаға медицина қызметкерлері мен педагогтардан бөлек әлеуметтік қызметкерлер, өрт сөндірушілер, тәртіп сақшылары, мәдениет және спорт қайраткерлері қатыса алады. Конституция күні осы санаттағы азаматтар кезек бойынша пәтер кілттерін алды.

Екінші ТК Алматы ауданында орналасқан (А82 көшесі, жаңа вокзал ауданы). Бұл ТК-ның пәтерлері Отбасы банкі желісі бойынша кезекте тұрғандар арасында бөлінді. Мұнда ата-анасыз қалған балалар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес отбасылар, көпбалалы отбасылар және т.б. пәтерлер алды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елордада қолжетімді жеңілдікті тұрғын үй көлемін ұлғайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Биыл Нұр-Сұлтанда 10 мың жеңілдікті әлеуметтік пәтер салынады. Тек соңғы 3 жылда қолжетімді тұрғын үй саны 5,5 еседен астам ұлғайды.

Мысалы, 2018 жылы 1800 әлеуметтік пәтер, 2019 жылы 2 900 әлеуметтік пәтер, 2020 жылы 7 000-нан астам пәтер салынып, пайдалануға берілді.

Бұдан бөлек, тұрғын үй сертификатының сомасы 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылды, Қазақстандық тұрғын үй компаниясының (ҚИК) бағдарламасы бойынша қатысушылар санаты кеңейтілді.

Сондай-ақ, Елбасының бастамасымен қолға алынған «Жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы биыл да жалғасады. Осы бағдарлама аясында жыл соңына дейін тағы 1 мыңнан астам жас баспаналы болады.