$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.08.2021, 11:56
Жаңалықтар

Жалпыұлттық аза тұту күніне орай барлық мешітте Құран хатым дұғасы оқылды

Еліміздің барлық өңірінде бір мезетте Құран оқылып, қазаға ұшыраған марқұмдардың рухына бағышталды

Жалпыұлттық аза тұту күніне орай барлық мешітте Құран хатым дұғасы оқылды

Жалпыұлттық аза тұту күніне орай бүгін еліміздің барлық мешітінде Құран хатым дұғасы жасалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бас мүфти бастамасы негізінде жүзеге асқан игі іске еліміздің барлық өңіріндегі құлшылық ордалары бірыңғай үн қосып, жергілікті уақыт есебімен сағат 10.00-де бір мезетте Құран оқылып, қазаға ұшыраған марқұмдардың рухына бағышталды.

«Еліміздің бас мешіті «Әзірет Сұлтанда» өткен сауапты шараға ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғар арнайы қатысып, Құран хатым дұғасын жасады. Қасиетті Құран аяттарынан болған сауапты марқұмдардың рухына бағыштап, жарылыстан зардап шеккен жамбылдық жерлестерімізге сабыр мен шыдам, жеңілдік сұрап бата қайырды», - делінген ҚМДБ баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, бірнеше жанның өмірін жалмап, айналасын отқа ораған қайғылы оқиғаға орнына қазіргі уақытта еліміздегі барлық өкілдіктің ұйымдастыруымен гуманитарлық көмек жеткізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары