$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.08.2021, 01:57
Жаңалықтар

Жаңа қаулы: Нұр-Сұлтанда карантин шаралары жеңілдетілді

Жаңа құжат 28 тамыз күні сағат 00:00-де күшіне енді

Жаңа қаулы: Нұр-Сұлтанда карантин шаралары жеңілдетілді

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантин шараларын жеңілдету туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қаулы Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі негізінде қабылданды.

Жаңа құжат 28 тамыз күні сағат 00:00-де күшіне енді.

«Елорданың қоғамдық көлігі жұмыс күндері және сенбі күндері штаттық режимде жұмыс істейтін болады.
Сондай-ақ, демалыс күндері «Ashyq» жобасына қатысатын бірқатар нысанның қызметіне рұқсат етіледі. ХҚО-лардың, жеке медициналық ұйымдардың жұмыс кестесі өзгертілді»,- делінген қаулыда.

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының жұмысын енді ғимараттың жобалық қуатына сәйкес әрбір топтың толтырылуымен қамтамасыз етуге болады.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

 
Серіктес жаңалықтары