Жамбылдағы жарылыс: ауданда жедел штаб құрылды

Автор: Azattyq Rýhy

Жедел штабты облыс әкімі басқарады

 

Жамбыл облысындағы әскери бөлімдегі жарылысқа байланысты Байзақ ауданында жедел штаб құрылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жедел штабты облыс әкімі басқарады. Бұл туралы Байзақ ауданының әкімдігі Facebook желісінде хабарлады.

«Әскери бөлімдерінің бірінде жарылыс болған Жамбыл облысының Байзақ ауданында жедел штаб құрылып оны облысы әкімі Бердібек Сапарбаев басқарып отыр», – делінген хабарламада.

Еске салсақ, 26 тамыз күні кешкі сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімнен алапат өрт шығып, соңы жойқын жарылысқа ұласты. Жарылыс салдарынан 60-тан астам адам зардап шекті. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қоймадағы жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы жағдайдың бақылауға алынғанын, дегенмен, жарылыс аумағына жақын орналасқан елдімекен тұрғындарына сақ болу керек екенін ескертті