Алматы облысында шекара бөлімшесіне Елбасының есімі берілді

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

фото: elbasy.kz

Алматы облысындағы «Баянқол» шекара бөлімшесіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді. Тиісті Үкімет қаулысына ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин қол қойды.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі Райымбек ауданы бойынша Шекара басқармасының «Баянқол» шекара бөлімшесінің атауы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі Райымбек ауданы бойынша Шекара басқармасының «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы» шекара бөлімшесі деп ауыстырылсын», - делінген құжатта.

Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.