$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.08.2021, 10:41
Жаңалықтар

Ұлттық білім академиясы: «Домбыра тартуды үйрену - бөлек пән емес»

Тамыз кеңесінде домбыра тарту курсы бойынша мәселе көтерілді

Ұлттық білім академиясы: «Домбыра тартуды үйрену - бөлек пән емес»
көрнекі фото

25 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында өткен педагогтердің Тамыз кеңесінде әдістемелік нұсқау хатты түсіндіру кезінде мектептің «Музыка» пәні аясында домбыра тарту курсы бойынша бағдарлама таңдау мүмкіндігі туралы мәселе көтерілді.

Алайда, кейбір БАҚ-та бұл мәселе «Домбыра тартуды үйрену» атты жаңа пән енгізілетіні туралы айтылған. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының баспасөз қызметі «Домбыра тартуды үйрену» деген бөлек пән еместігін жариялады.

«Шын мәнісінде, бұл – бөлек пән емес, 1-6 сыныптарға оқытылатын «Музыка» пәнінің мазмұны. Яғни, егер қажетті ресурстар бар болса, 6-сынып оқушылары «Музыка» пәнінің мазмұнынан екі нұсқаның бірін таңдай алады: бұрынғы бағдарламамен немесе домбыра тартуды үйрену курсы бойынша оқу», - деп жазды.

Серіктес жаңалықтары