$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.08.2021, 01:22
Жаңалықтар

Елордада 1-сынып оқушыларының саны түлектер санынан 3,5 есе асады

Нұр-Сұлтан қаласында алдағы 5 жылда 67 мектеп салу жоспарланып отыр

 

 
Елордада 1-сынып оқушыларының саны түлектер санынан 3,5 есе асады

Халықтың жыл сайынғы өсуін ескере отырып, Нұр-Сұлтан әкімдігі оқу орындарының құрылысы бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Егер өткен оқу жылында мектепті 7 мыңнан астам түлек бітірсе, жаңа оқу жылында 24 мыңға жуық жаңа оқушы келеді деген болжам бар, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жыл сайын бірінші сынып оқушыларының саны түлектер санынан 3 еседен астам асады. Қала әкімі Алтай Көлгінов педагогтармен тамыз айындағы онлайн-кеңесте мектеп құрылысы туралы айтып берді.

«Елордада жыл сайын ішкі көші-қон есебінен де, бала туу есебінен де тұрғындар саны өсуде. Соңғы 10 жылда оқушылар саны 3 есе артты. Жыл сайын бірінші сынып оқушыларының саны өсіп келеді. Өткен оқу жылында мектепті 7 мыңнан астам түлек бітірсе, жаңа оқу жылында 24 мыңға жуық бірінші сынып оқушысы келеді деген болжам бар. Осылайша, мектеп бітірушілер санынан 3 еседен астам асады. 2030 жылға қарай Нұр-Сұлтанда 400 мыңға жуық оқушы болады деп ойлаймыз. Әрине, бұл тамаша көрсеткіш, бұл тиісінше мектептердің көбірек салынуын талап етеді», - деді Алтай Көлгінов.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі биыл 15 мектеп салынатынын атап өтті, бұл – 40 мыңнан астам жаңа оқушы орны. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 2 есе және 2019 жылмен салыстырғанда 4 есе көп. Құрылыс кезінде мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуы да ескеріледі: IT және STEM-кабинеттер арқылы оқушылар 3D-объектілерді құра алады, роботтарды үлгілей алады, ғылыми-техникалық білімдерін бірден практикада қолдана алады. Инклюзия, педагогикалық-психологиялық түзету кабинеттері және т.б. Оқу орындары қаланың барлық ауданында, соның ішінде тұрғын алаптарында салынуда. Оқу орындарына қажеттілік бар аудандарға назар аударылады.

Елордада алдағы 5 жылда жол картасы аясында 67 мектеп салу жоспарланып отыр. Оқу орындарын салу, оның ішінде жеке инвестиция тарту есебінен жүргізілуде. Бұл үш ауысымды және оқушылары тым көп мектептердің проблемасын шешеді.

 
Серіктес жаңалықтары