ШұғылЕлімізде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді

Биылғы бірінші тамызда 854 мыңнан астам адам АӘК алды

Бұл мақсатқа бюджеттен 122,8 млрд теңге бөлінді

2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай  бойынша 177,9 мың отбасындағы 854,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Осы мақсаттарға бюджеттен 122,8 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Бұдан басқа, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен  қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.

«2021 жылғы 1 тамызда АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 216 мың балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды», - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, АӘК алушыларға ТЖ режимі мен карантиндік шектеу шараларының қолданылуына байланысты 2020 жылғы II, III және IV тоқсандарда, сондай-ақ 2021 жылғы I, II тоқсандарда көмек тағайындау ұзартылды.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.