$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.08.2021, 11:02
Жаңалықтар

Тамыз айында 854 мыңнан астам қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алды

Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 122,8 млрд теңге бөлінді

Тамыз айында 854 мыңнан астам қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алды
Фото: ашық дереккөзден

2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай  бойынша 177,9 мың отбасындағы 854,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 122,8 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Бұдан басқа, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен (бұдан әрі – әлеуметтік топтама) қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.

2021 жылғы 1 тамызда АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 216 мың бала азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, АӘК алушыларға ТЖ режимі мен карантиндік шектеу шараларының қолданылуына байланысты 2020 жылғы II, III және IV тоқсандарда, сондай-ақ 2021 жылғы I, II тоқсандарда көмек тағайындау ұзартылды.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.

Серіктес жаңалықтары