$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.08.2021, 09:34
Жаңалықтар

Ауғанстанда банктер бүгіннен бастап қайта ашылады

Бұл туралы Талибан қозғалысының өкілі мәлімдеді

Ауғанстанда банктер бүгіннен бастап қайта ашылады
Фото: ашық дереккөзден

Ауғанстанда банктер бүгіннен бастап қайта ашылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар24»-ке сілтеме жасап.  

Талибан қозғалысының өкілі Забихулла Муджахидтің айтуынша, елдегі Орталық банк пен өзге де банктердің жұмыс істей бастауы үшін барлық алғышарттар жасалған. Осыған орай тәліптер қаржы институттарының бұрынғы қызметкерлерін жұмыс орындарына оралуға шақырды.

Ал ақпарат құралдарының хабарлауынша, тәліптер билікке келгелі экономикалық ахуал нашарлаған. Ұлттық валюта құнсызданып, азық-түлік бағасы шарықтап кеткен.

«Қазір халыққа қажетті тауарлардың жеткізілімі күрт азайып кетті. Баяғыда қоймалар ұнға толып тұрушы еді. Қазір доллар қыбматтап, азық-түлік тапшы бола бастады», - дейді жергілікті тұрғын.

Ал тәліптер АҚШ билігінен ауған элитасын елден алып кетуді тоқтатуды талап етті. Талибан бұрынғы мемлекеттік қызметкерлерге рақымшылық жасалғанын және олардың қауіпсіздігіне кепілдік береміз деп тыр. Осымен бірге тәліптер тұрғындардан шетелге доллар мен тарихи жәдігерлерді алып кетуге тыйым салды. Егер аталған заттар табылса, айыптылар қатаң азаланатынын ескертіп отыр.

Серіктес жаңалықтары