25 тамызға арналған ауа райы болжамы

Республикамыздың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады

25 тамызға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 25 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады, осыған байланысты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Тек солтүстік-шығыста, шығыста антициклон сілемімен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік - шығыста таулы аудандарда бұршақ жауады, солтүстікте тұман түседі», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында..

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының шығысында найзағай ойнайды, күндіз батысында және шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының оңтүстік-шығысында, күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында, Қостанай облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай ойнайды, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнайды, күндіз оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының батысында найзағай ойнайды, солтүстігінде, шығысында, батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-батысында, күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай ойнайды. Түнде Павлодар облысының солтүстігінде тұман түседі.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Қостанай облыстарында, Алматы, Қарағанды облыстарының батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.