$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.08.2021, 22:56
Жаңалықтар

Елордада үш күн ішінде 44 мекеме карантин режимін бұзған

Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдай әлі тұрақталған жоқ

Елордада үш күн ішінде 44 мекеме карантин режимін бұзған

Елорданың мониторингтік топтары тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істей отырып, күн сайын қаланың кәсіпкерлік нысандары арасынан ондаған карантин бұзушыларды анықтайды. Тек өткен үш күннің ішінде тәртіп бұзушылар тізіміне 44 мекеме кірді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Өткен тәулікте, 22 тамызда мониторингтік топтар қаланың 5 кәсіпкерлік объектісінде карантин талаптарының сақталмағанын анықтады.

Сонымен, Есіл ауданында белгіленген жұмыс режимін "Панаехали" бары мен "Мята" лаундж-бары бұзды.

Сарыарқа ауданындағы тәртіп бұзушылар тізіміне "Brio" караоке-бары мен "Стамбул" клубы кірді. Сондай-ақ, карантиндік шаралар Байқоңыр ауданында орналасқан "Mafia" караоке-барында ескерілмеді.

«Айта кету керек, соңғы үш күнде мониторингтік топтар қаланың 44 кәсіпкерлік объектісінде санитарлық нормалар мен елорданың санитарлық дәрігерінің қаулысының басқа да тармақтарының бұзылғанын анықтады», - делінген әкімдік хабарламасында.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған барлық материалдар әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.
Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес. COVID-19 вирусының одар әрі таралуына жол бермес үшін қала қонақтары мен тұрғындарына, сондай-ақ кәсіпкерлік объектілеріне барлық санитарлық нормалар мен шектеу шараларын қатаң сақтау ұсынылады.

Серіктес жаңалықтары