18.08.2021, 13:22
Жаңалықтар
Қазақстанда әуе жолаушыларының қатары екі есе өсті
Жеті ай ішінде 5 миллионнан астам жолаушы тасымалданған
көрнекі фото
2021 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша, отандық әуе компаниялары тасымалдаған жолаушылар саны екі есеге артқан.
Әуе рейстері біртіндеп қалпына келтіргеннен кейін былтырмен салыстырғанда көрсеткіштер өсті. Жыл басынан бері (7 ай) тасымалданған жолаушылар саны 96% артып, 5,1 млн адамға жетті.
Былтыр осы кезеңде отандық әуе компаниялары тасымалдаған жолаушылар саны - 2,6 млн, 2019 жылы 4,6 млн болған. Ал, әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушылар саны 58% артып, 8,1 млн адамды құрады.
Көп оқылған
21.11.2026, 10:34
Қарағандыда ер адам көпірден секірмек болған (ВИДЕО)
21.11.2026, 08:34
Алматыда ауруханаларда кезек көбейген: тұрғындар жаппай шағымданып жатыр
