$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.08.2021, 16:14
Жаңалықтар

Павлодар облысында әйелін өртеп жіберген ауыл тұрғыны қамауға алынды

Денесінің басым бөлігі күйген әйел кеше қайтыс болды

Павлодар облысында әйелін өртеп жіберген ауыл тұрғыны қамауға алынды
көрнекі фото

8 тамыз күні сағат 02:00 шамасында Розовка ауылындағы ерлі-зайыптылар арасында жанжал болған. Кейін әйелі мас күйінде көлік тізгіндемек болған күйеуіне рұқсат бермеген. Ол тоңазытқышта тұрған спиртті алып, әйеліне шашып, от қойған.

Жәбірленгеніне қарамастан, әйел күйеуінің үстінен арыз жазудан бас тартқан. Алайда, құқық қорғау органдары арнайы бап бойынша (денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

17 тамызда денесінің басым бөлігі күйген әйел ауруханада көз жұмды. Олардың ортақ үш баласы бар. Қазір олар атасы мен әжесінің қолында.

Бұл жағдайға қатысты сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігіне сәйкес қайта сараланып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары