Алматыда карантин 31 тамызға дейін ұзартылды
Қаланың бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды
Алматыда қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құжатқа сәйкес, карантин 31 тамызға дейін ұзартылады:
- Ashyq жобасына қатыспайтын кәсіпорындардың қызметіне;
- кәсіпорындардың қызметіне Ashyq-қа қатысқанына қарамастан демалыс және мереке күндері тыйым салынады.
Сонымен қатар, оқу орындары мен мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын жаңа талаптар белгіленді:
- оқушылар көп жиналатын орындарда – асханаларда, дәретханаларда, рекреацияларда ауа рециркуляторлары орнатылады;
- барлық білім беру мекемелерінде Ashyq жүйесі енгізілді;
- бастауыш, орта және жоғары сынып оқушылары бөлек есіктен кіреді;
- барлық қызметкерлер мен балалар күнделікті таңертеңгі сүзгіден өтеді;
- бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;
- оқушылар сыныптан - сыныпқа көшіп оқымайды;
- бастауыш, орта және жоғары сынып оқушылары үзіліске бір мезгілде шықпайды.
Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.