17.08.2021, 00:14
Жаңалықтар
Президент Амангелді Сейітханның отбасына көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Амангелді Муатқанұлының қазақ спорт журналистикасының дамуына өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті
Фото: ашық дереккөзден
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы белгілі журналист Амангелді Сейітханның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге Facebook-парақшасында жазды.
«Белгілі журналист, спорт комментаторы Амангелді Сейітханның дүниеден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтамын. Амангелді Муатқанұлы қазақ спорт журналистикасының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Оның есімі ел есінде мәңгі сақталып, қазақ телевизиясының тарихына алтын әріптермен жазыларына сенімдімін. Марқұмның алды пейіш, арты кеніш болсын», - деп жазылған Президенттің көңіл айту жеделхатында.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты