Ақтөбеде төрт жүзге жуық дәрігер жұмыссыз қалуы мүмкін
Денсаулық сақтау басқармасы Ақтөбедегі теміржол ауруханасына санитарлық талапты сақтамағаны үшін науқас қабылдауға тыйым салған
Ақтөбедегі темір жол ауруханасының төрт жүзге тарта қызметкері жұмыссыз қалғалы тұр. Өйткені медициналық мекеме жаңа жылдан бастап жұмысын тоқтатпақшы. Санитарлық талапты сақтамағаны үшін Денсаулық сақтау басқармасы ауруханаға науқас қабылдауға тыйым салған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ktk.kz-ке сілтеме жасап.
Мекеме бытырдан бері сенімгерлік басқаруға жекенің қолына өткен. Аурухана 120 адамға арналса, емхана сол маңдағы 12 мың тұрғынға қызмет көрсетеді. Енді оларға мемлекеттен бөлінетін ақшаны тоқтатып, науқастарды қабылдауды жақын маңдағы емханаларға бөліп бермекші.
Теміржол ауруханасының жаңа жылдан бастап жұмысын тоқтататынын облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы да растады. Олар аурухана мен емхананы санитарлық талапқа «мүлдем сай емес» деп отыр.