15.08.2021, 16:41
Жаңалықтар
Қазақстандық боксшылар жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысады
Құрлық додасында жалпы есебі 51 чемпионның есімі белгілі болады
17-30 тамыз аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінде бокстан жатар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді деп хабарлайды Olympic.kz.
Құрлық додасында жалпы есебі 51 чемпионның есімі белгілі болады. Олардың ішінде 25 қыз, 26 ер бала бар.
Чемпионатқа ең көп делегацияны Қазақстан, Үндістан және Өзбекстан алып бармақ.
Одан бөлек, құрлық біріншілігі тарихында алғаш рет екі жас ерекшелігіндегі спортшылар бақ сынайды.
2003-2004 жылы туған спортшылар жастар арасында, 2005-2006 жылғы боксшылар жасөспірімдер арасында өзара мықтыны анықтайды.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды