$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.08.2021, 11:35
Жаңалықтар

Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 142 науқас көз жұмды

Елімізде коронавирус жұқтырған 1924 адам ауыр жағдайда жатыр

Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 142 науқас көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі 14 тамыздағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 121 адам қайтыс болды.

14 тамыздағы мәлімет бойынша, 116 574 адам коронавирус инфекциясынан (–112 025 + және 4 549 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 30 905 пациент стационарда, 85 669 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 1 924 адамның жағдайы ауыр,
• 505 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 253 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 12 тамыздағы мәлімет бойынша 408  жаңа жағдай тіркелді, 218 адам жазылып шыққан, 21 адам көз жұмған.

Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:

науқастар саны – 65 306; 

өлім жағдайы – 4016;

барлығы 56741 адам сауығып шықты.

Серіктес жаңалықтары