Семейде Ертіс өзенінен ер адамның денесі табылды
Марқұм достарымен бірге өзен жағасында демалып жүрген кезінде жоғалып кеткен

Семей құтқарушылары Ертіс өзенінен өмірлік белгілері жоқ ер адамның денесін алып шықты, деп хабарлайды Semey News.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021 жылғы 12 тамызда «112» арнасына Ертіс өзенінен өмір белгілері жоқ ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына келген құтқарушылар мәйітті жағаға алып шықты.
«Суға батқан адамның жеке тұлғасы анықталды, ол 2021 жылғы 8 тамызда жоғалып кеткен 1991 жылғы ер адам. Марқұм достарымен бірге өзен жағасында демалып жүрген кезінде жоғалып кеткен. Оның жеке заттары жағадан табылды. ШҚО ТЖД 7-құтқару бөлімшесінің қызметкерлері денесі табылғанға дейін бірнеше күн бойы жағалауда іздеу жұмыстарын жүргізді», – деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.