$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.08.2021, 11:04
Жаңалықтар

Павлодар облысында жолдарды күтіп ұстамаған әкімдер жазаланды

Автомобиль жолдарына жүргізілген тексеріс барысында 2000-нан астам ақау анықталды

Павлодар облысында жолдарды күтіп ұстамаған әкімдер жазаланды
Фотог: ашық дереккөзден

Полиция департаменті жол-көлік оқиғаларының алдын алу, өңірдегі жолдарда жарақаттану мен өлім-жітім деңгейін төмендету мақсатында жалпыға ортақ пайдаланылатын, оның ішінде республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарға тексеру жүргізеді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

«Павлодар облысының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 5441,1 км құрайды, ағымдағы жылдың басынан бері жалпы пайдаланымдағы автожолдарға 890 тексеру жүргіздік. Тексеру барысында 2027 ақау анықталды. Зерттеу нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға 895 ұйғарым берілді. 140 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 21-і ауыл және ауылдық округ әкімдері жазаланды», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұржан Таңатаров. 

ҚР ӘҚБтК-нің 630, 631 және 632-баптары бойынша жолдарды қанағаттанарлықсыз ұстағаны үшін 18 әкім, ҚР ӘҚБтК-нің 420-бабы бойынша нұсқаманы орындамағаны үшін тағы үшеуі жауапкершілікке тартылды. Барлық бұзушыларға жалпы сомасы 4 млн теңгеден астам айыппұл салынды.  

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері 92 теміржол өткелін тексеріп, қажетті жол белгілерінің болмауы, дұрыс жарықтандырмау және төсемнің қанағаттанарлықсыз жағдайы сияқты кемшіліктер анықталды. Темір жол өтпелерін қанағаттанарлықсыз ұстағаны үшін 19 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айыппұлдың жалпы сомасы 554 мың теңгеден асады.

Серіктес жаңалықтары