12.08.2021, 15:42
Жаңалықтар
Қызылордада Мәдениет басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді
Күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев
Қызылорда облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы жеке кәсіпкерден объектіні кедергісіз қабылдап оған тиесілі қаржыны уақытылы аударып беру үшін 1 млн теңге көлемінде пара алу дерегімен күдікке ілінді. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметінен хабарланды.
Сот санкциясымен күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Басқа ақпараттар тергеу құпиялылығына байланысты жариялануға жатпайды.
Көп оқылған
23.08.2026, 16:15
24 тамыз күні ауа райы қандай болады
23.08.2026, 18:41
Әлем чемпионаты: ұлттық құрама қазақ күресінен үш алтын еншіледі
23.08.2026, 16:38
ШҚО-да жартасқа жазу жазған шетелдіктерге айыппұл салынды
23.08.2026, 16:59
Өскеменде полицейлер жоғалған 9 жасар баланы 8 минутта тапты