10 тамызға арналған ауа райы болжамы
Еліміздің батысы мен оңтүстігінде құрғақ және ыстық ауа райы сақталады
Синоптиктер сейсенбі, яғни 10 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Орталығы Алтай өлкесінің үстіндегі циклоннан республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында тұрақсыз ауа райы болады, сондықтан күн күркіреп жаңбыр жауады, солтүстік-шығыс пен шығыста қатты жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда бұршақ жауып, дауыл соғады. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде құрғақ және ыстық ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады», - делінген хабарламада.
Атап айтқанда, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл соғады, жел 15-20 м/с жетеді, Шығыс Қазақстан облысында екпіні 23 м/с жетеді, түнде және таңертең Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысының күндіз таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, кей жерлерде шаңды дауыл мен жел соғады.
Қостанай, күндіз Түркістан, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында шаңды дауыл соғады.
Күндіз Атырау облысында өте қатты ыстық сақталады, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында басым бөлігінде қатты ыстық, кей жерлерінде өте қатты ыстық сақталады.
«Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады», - делінген хабарламада.