Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 122 науқас көз жұмды

Елімізде коронавирус жұқтырған 1918 адам ауыр жағдайда жатыр

Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 122 науқас көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі 8 тамыздағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 105 адам қайтыс болды.

8 тамыздағы мәлімет бойынша, 111 239 адам коронавирус инфекциясынан (–107 348 + және 3 891 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 30 633 пациент стационарда, 80 606 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 1 918 адамның жағдайы ауыр,
• 405 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 196 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. 

Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 6 тамыздағы мәлімет бойынша 376  жаңа жағдай тіркелді, 177 адам жазылып шыққан, 17 адам көз жұмған.

Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:

науқастар саны – 63 366; 

өлім жағдайы – 3 887;

барлығы 55 588 адам сауығып шықты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.