23.12.2019, 10:31
Жаңалықтар
Динара Сәдуақасова әлемдегі үздік шахматшылар рейтингінде ТОП-ондыққа енді
Тізім 2700chess.com онлайн рейтингі нәтижесінде анықталды
Фото: ашық дереккөзден
Динара Сәдуақасова әлемнің үздік 10 шахматшы әйелдің қатарына енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Тізім 2700chess.com онлайн рейтингі нәтижесінде анықталды. Сәдуақасова шахматтан он екінші әлем чемпионы, ресейлік гроссмейстер Александра Костениюк және блиц бойынша әлем чемпионы, грузин елінің тумасы Нана Дзагнидзені артта қалдырды.
Еске салайық, жиырма үш жастағы Динара Сәдуақасова - Қазақстан әйелдер командасының жетекшісі. Елордалық шахматшы сонымен қатар 2019 жылы Азия чемпионы, беделді Grand Swiss жеңімпазы, сонымен қатар 2500 ELO белгісінен өткен алғашқы қазақстандық шахматшы атанды.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды